Еуразия ұлттық университеті мен Рига техникалық университеті (Латвия, Рига) арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде қос диплом бағдарламасы бойынша көлік-энергетика факультетінің магистранттары техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алды
Еуразия ұлттық университеті мен Рига техникалық университеті (Латвия, Рига) арасындағы екіжақты ынтымақтастық аясында қос диплом бағдарламасы бойынша 2024 жылдың 28 маусымында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Көлік- энергетика факультетінің магистранттары, 7М11301 «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасы бойынша Әпсәлім Мейрамкүл Қылышбекқызы және Исаева Диана Рахатқызы, сонымен қатар 7M11302 Логистика (салалары бойынша) Құтымбетов Қуат Қабылбекұлы магистр диссертациясын сәтті қорғап, Рига техникалық университетінде логистика және жеткізу тізбегін басқару мамандығы бойынша техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алды.
Көлік және энергетика факультетінде 2018 оқу жылдан бастап Қос диплом білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. «Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедра түлектері Әлімжан Әсілтаев, Сердолла Сағидолла мен Бақжан Көбей, «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» кафедрасының магистранты Ерболат Мамырхан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ мен Рига техникалық университеттерінде техникалық ғылымдар магистрі дәрежесін алды.
Оқу барысында ЕҰУ магистранттары Латвия мемлекетінің зауыттарында ғылыми тағылымдамадан өтіп, Әлімжан Әсілтаев «SONORA» АҚ логистикалық компаниясында, оны аяқтағаннан кейін Латвияда (Рига) жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта ол осы компанияның Қазақстандағы өкілдігінің басшысы және «Логистика» ББ түлектеріне жұмыс беруші болып табылады, Сердолла Сағидолла мен Бақжан Көбейдің де жетістігі осындай.
2019–2020 оқу жылында «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» ББ магистранты Ерболат Мамырхан сол бағдарлама бойынша ЕҰУ және РТУ қос дипломына ие болды. Ол сонымен қатар Ригада теңіз портында ғылыми тағылымдамадан өтті (тәжірибе ақылы болды), өйткені Басшылық біздің магистранттың тұру ақысын төлеуге шешім қабылдады. Кейіннен магистратураны бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу үшін Шымкентте конкурстан өтіп жұмысқа орналасады, себебі тек Ерболаттың қос дипломы бар және ағылшын тілін өте жоғары деңгейде меңгергенін растады.
Рига техникалық университеті Балтық жағалауы елдеріндегі техникалық университеттер арасында көш бастап тұрғанын айта кетейік. U-Multirank рейтингі бойынша RTU Латвия университеттері арасында бірінші орында, ал түлектердің жұмысқа орналасу деңгейі рейтингте ең жоғары болып табылады. 150 жылдан астам жыл бұрын құрылған РТУ бүгінде ағылшын тілінде оқытылатын жоғары оқу орындарында, магистратура мен докторантураға шетелдік студенттерді қабылдайтын заманауи жоғары оқу орны болып табылады.
Еуразия ұлттық университеті ғылым және білім саласында РТУ әріптестерімен белсенді ынтымақтастықта. Бүгінгі таңда көлік және энергетика факультетінің (халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үйлестірушісі Сансызбаева Зура Келесбекқызы), Рига техникалық университетінің ақпараттық технологиялар институтының (кафедра меңгерушісі, профессор Андрей Романов), сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық департаментінің (Наталья Мурачева) ынтымақтастығы академиялық ұтқырлық, профессорларды тарту, докторанттар мен магистранттардың ғылыми тағылымдамадан өту, ЕҰУ мен РТУ арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға алдағы уақытта да елеулі үлес қосуды жалғастырады.