
XVIII Республикалық пәндік олимпиада: Көлік пен технологияның болашағын қалыптастыру
ЕҰУ30жыл
ЕҰУ жаңалықтары
21.04.2026 148

2026 жылдың 17-18 сәуір күндері Көлік-энергетика факультетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Бұл білім додасына еліміздің 13 жоғары оқу орнынан ең үздік деп танылған 34 студент қатысып, бақ сынасты.
Мақсаты:
- Болашақ мамандардың кәсіби білімін шыңдау;
- Ғылыми ойлау қабілетін дамыту;
- ЖОО арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Айта кетейік, бұл айтулы іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында өткізіліп отыр. Жастардың білімі — ел ертеңі!
Бөлісу:
