
Халықаралық деңгейдегі ашық сабақ: сарапшылармен кәсіби пікірталас

15 сәуір күні «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасының оқытушысы Ермұханова Альбина Салауатқызы «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне «Азия–Еуропа бағытындағы халықаралық көлік дәліздері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, Zoom платформасы арқылы шетелдік сарапшылардың қатысуымен өтті. Талқылауға Украина, Әзербайжан және Грузия елдерінен келген халықаралық сарапшылар, логистер мен талдаушылар, сондай-ақ Ақтау теңіз портының отандық мамандары қатысты.
Сабақ барысында Қазақстан аумағы арқылы өтетін Транскаспий бағытын қоса алғанда, халықаралық көлік дәліздерінің дамуына қатысты өзекті мәселелер жан-жақты қарастырылды. Сабақ қорытындысы бойынша комиссия ашық сабаққа жоғары баға беріп, 3 курс студенттерінің белсенділігі мен терең білімін, жоғары деңгейдегі сауаттылығын және кәсіби пікірталасқа сенімді қатысуын ерекше атап өтті.
