
Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында волейболдан «Мерейтой» кубогы жоғары деңгейде өтті

Еуразия ұлттық университетінің 30 жылдық мерейтойы аясында волейболдан «Мерейтой» кубогы жоғары деңгейде өтті. Тартысты додада келесі командалар жүлделі орындарға ие болды: 1-орын – Механика-математика факультеті , 2-орын – Жылуэнергетика кафедрасы, 3-орын – Электрэнергетика кафедрасы. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындықтарын, командалық үйлесімділіктерін және жеңіске деген жігерлерін көрсетті. Әр ойын ерекше эмоцияға толы болып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Аталған шара тек спорттық бәсекемен шектелмей, университет ұжымы арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға үлкен үлес қосты. Сонымен қатар, бұл турнир әріптестер арасындағы өзара құрмет пен қолдауды арттырып, корпоративтік мәдениетті дамытуға ықпал етті. Ұйымдастырушылар мен барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да жаңа жетістіктер тілейміз! «Мерейтой» кубогы – бірлік пен командалық рухтың жарқын көрінісі болды.
