
Түлектер-2026: Диплом табыстау рәсімі өтті!
Түлектер - 2026
24.06.2026 109

19.06.2026 жылы университетімізде айтулы оқиға орын алды — «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» білім беру бағдарламасы бакалавриат түлектеріне диплом табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.
Бұл күн — төрт жыл бойы үздіксіз еңбек етіп, терең білім алған жас мамандарымыздың өміріндегі жаңа белес. Түлектеріміз дипломдарымен бірге көлік саласының болашағын дамытуға үлкен жолдама алды.
Студенттерімізге сапалы білім мен тәлім-тәрбие берген профессор-оқытушылар құрамына алғыс білдіреміз!
Барлық түлектерімізді үлкен өмірге қадам басуларымен құттықтаймыз! Кәсіби жолдарыңыз ашық, алар асуларыңыз биік болсын! Жолдарың болсын, жас мамандар!
Бөлісу:
