
Көлік-энергетика факультеті кеңесінің №2 отырысы өтті

2026 жылғы 15 қыркүйекте Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Көлік-энергетика факультеті кеңесінің №2 отырысы өтті.
Отырыста факультеттің оқу үдерісіне, кадрлық құрамына және ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
кафедра меңгерушілері мен профессор-оқытушылар құрамын KPI базасының талаптарымен таныстыру және қол жеткізілген нәтижелерді енгізу;
пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін Platonus және smart.enu.kz электрондық базаларына енгізу;
магистратура мен докторантурада мамандар даярлаудың қазіргі жағдайы және басым бағыттары;
факультеттің оқу және ғылыми қызметіне қатысты басқа да өзекті мәселелер.
Факультет кеңесі білім беру сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту және оқу үдерісін жетілдіру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.
