
Қазақстанның теміржол саласы қалай жұмыс істейді? Вагондардың қозғалысын кім үйлестіреді және саланың күнделікті қызметін қандай мамандар қамтамасыз етеді?

Қазақстанның теміржол саласы қалай жұмыс істейді? Вагондардың қозғалысын кім үйлестіреді және саланың күнделікті қызметін қандай мамандар қамтамасыз етеді?
Бұл сұрақтарға «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» және «Логистика» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері «Қазақстанның теміржол саласымен танысу» атты қонақ дәрісінде жауап алды. Кездесу 2026 жылғы 5 қазанда «Теміржол көлігіндегі мамандыққа кіріспе» пәні аясында өтті.
Қонақ дәріскер — «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Солтүстік өңірінің РЦУП-3 вагон диспетчері Жамашова Роза Байсбайқызы. Ол студенттерге өз мамандығы мен теміржол саласының жұмысы туралы айтып, кәсіби тәжірибесімен бөлісті.
Дәрісті кафедра оқытушысы Ермұханова Альбина Салауатқызы өткізді.
Кездесу соңында кафедра меңгерушісі, философия докторы (PhD) Сансызбаева Зура Келесбекқызы деканның атынан Роза Байсбайқызына студенттердің кәсіби даярлығына қосқан үлесі мен кездесуге қатысқаны үшін алғыс хат табыстады.
Қызықты дәріс пен теміржол саласының жұмысы туралы ашық әңгімесі үшін Роза Байсбайқызына алғыс айтамыз! ✨
