
«CAD: нысанды цифрлық модельдеу негіздері» тақырыбындағы ашық сабақ
SMART.ENU
14.10.2026 23

2026 жылғы 20 қазанда Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Көлік-энергетика факультеті «Көлік инженериясы» кафедрасының аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Дастан Джурмаханбетович Сарбасов «Автоматтандырылған жобалау жүйесі» (SAPR 4302) пәні бойынша ашық сабақ өткізеді.
Сабақтың тақырыбы: «CAD: нысанды цифрлық модельдеу негіздері».
Өтетін күні: 20 қазан 2026 жыл.
Уақыты: 13:10–14:00.
Өтетін орны: №140 оқу корпусы, 11-аудитория.
Барша қызығушылық танытқан оқытушылар мен білім алушыларды ашық сабаққа шақырамыз!
Бөлісу:
