
Әр әуе рейсінің артында — маршрутты жоспарлау, нақты есеп пен көптеген логистикалық шешім тұр. Қазақстанда халықаралық әуе тасымалдары қалай ұйымдастырылады?

21 қазанда «Халықаралық тасымал логистикасы» пәні аясында өткен қонақ дәрісінде осы сұрақтар талқыланды. Кездесуге «Логистика» және «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламаларының қазақ тілінде білім алатын 4-курс студенттерінің барлығы қатысты.
Студенттермен тәжірибесімен Марат Манапұлы Дәуталиев бөлісті. Ол — KAZLOGISTICS* одағының бас директорының кеңесшісі, авиация саласында мол тәжірибесі бар сарапшы. «Қазақстанның авиациялық логистикасы: халықаралық әуе тасымалдарын ұйымдастыру» тақырыбындағы дәріс барысында студенттер авиациялық логистиканың ерекшеліктері мен халықаралық тасымалдарды ұйымдастырудың практикалық қырларымен танысты.
Кездесуді «Халықаралық тасымал логистикасы» пәнінің оқытушысы Альбина Салауатқызы Ермұханова ұйымдастырды.
Дәрістің өтуіне қолдау көрсеткені үшін KAZLOGISTICS одағының бас директоры Талғат Туяқұлы Лесовқа ерекше алғыс білдіреміз.
Марат Манапұлы, мазмұнды кездесу, кәсіби тәжірибеңіз және студенттермен ашық сұхбатыңыз үшін алғыс айтамыз!
