
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНЕ ІШКІ КӨЗҚАРАС: БОЛАШАҚ ЛОГИСТИКАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ БЕЙНЕСІ

9 қараша күні «Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» (ТҰҚКП) кафедрасының меңгерушісі, PhD, доцент Сансызбаева Зура Келесбекқызының шақыруымен 6В11302 – «Салалар бойынша логистика» және 6В11301 – «Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті. Дәрістің тақырыбы: «ҚТЖ ҰК АҚ қызметіне арналған Бірыңғай цифрлық терезе»
Дәріскер ретінде KTZ Express компаниясының Ақпараттық технологиялар және цифрландыру департаментінің бас менеджері Төлепекова Алданыш Ерболқызы сөз сөйлеп, студенттерді көлік логистикасындағы заманауи цифрлық шешімдермен және ұлттық тасымалдаушы жүйесіндегі цифрлық трансформация үрдістерімен таныстырды.
Дәріске 3 және 4 курс студенттері қатысып, Қазақстанның көлік-логистика саласын өзгертіп жатқан озық технологиялар туралы маңызды ақпарат алды.
Кездесудің интерактивті бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Студенттер сұрақтарға белсенді жауап беріп, кәсіби білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті. Зияткерлік викторина мен сұрақ-жауап сессиясында белсенділік танытқан студенттер KTZ Express компаниясының арнайы сыйлықтарымен марапатталды.
Алданыш Ерболқызына мазмұнды әрі тәжірибелік маңызы жоғары дәрісі үшін алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау көрсеткен HR-менеджер Сәрсебекова Айман Болатқызына ерекше ризашылығымызды білдіреміз.
Мұндай кездесулер студенттерге саланың жетекші мамандарынан білім алып қана қоймай, болашақ мамандықтарының мүмкіндіктерін тереңірек түсінуге жол ашады.
Логистиканың болашағы бүгін қалыптасуда. Ал біздің студенттер сол болашақты жасап жатқан кәсіби мамандардан білім алуда.
