
Көлік-энергетика факультетінің студенті — «Qazaq Batle: Толық адам» республикалық дебат турнирінің жеңімпазы
Түлектер - 2025
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
16.02.2026 1









Логистика тобының 4‑курс студенті Бахытжанқызы Акжан «Jas Power» азаматтық‑патриоттық тәрбие беру жобасы аясында ұйымдастырылған республикалық «Qazaq Batle: Толық адам» пікірсайыс турнирінде І орын иеленді! Бұл жеңіс – Акжанның білімге деген құштарлығының, табандылығының, шығармашылық ойлау қабілеті мен көшбасшылық қасиеттерінің айқын дәлелі. Жетістіктері мұнымен шектелмейді: Акжан Евразия Ұлттық Университеті ректорының «Зияткерлік саладағы» арнайы стипендиясының иегері атанып, білім саласында да үлкен табысқа жетті – IELTS емтиханынан 8.0 балл нәтижесін көрсетті. Акжанға шығармашылық табыс, жаңа белестер мен жеңістер тілейміз! Осындай жетістіктер – барлығымыз үшін үлкен мақтаныш.
Бөлісу:
