
КӨЛІК-ЭНЕРГЕТИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ САЙТЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
Құрметті студенттер, магистранттар және ізденушілер!
Көлік және энергетика факультетінің сайтына қош келдіңіздер!
Студенттер, магистранттар қызметінде факультеттің жоғары ғылыми-педагогикалық потенциалы, қазіргі заманғы оқу-зертханалық аудиториялар, дамыған материалдық-техникалық және компьютерлік жабдықтар бар.
Оқу үрдісінің ерекшеліктерінің бірі - студенттердің өздері таңдаған бағытын тәуелсіз ғылыми жұмыспен оқытудың үйлесімі. Ғылыми үйірмелерде жұмыс істеу, университет ішіндегі, республикалық, халықаралық студенттік конференциялар мен көрмелерге қатысу студенттерге ғылыми бағытты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді.
Біз сіздердің мүдделеріңізді қанағаттандыру үшін бар күшімізді саламыз және біліміңізге және болашақ мансабыңызға сәттілік тілейміз.
Логистика, көлік техникасы, инновациялық технологиялар және энергетика саласында жоғары білікті маман болғыңыз келсе, бізге келіңіз!
Көлік-энергетика факультетінің деканы
техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Кокаев Умиржан Шералиевич
Көлік-энергетика факультеті - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры т.ғ.д., профессор Сыдықов Е.Б. бұйрығымен 2012 жылдың 12-қаңтар күні ашылды.
Факультет құрамына келесі кафедралар кіреді:
«Көлік, көлік техникасы және технологиясы» - кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор, Тогизбаева Баглан Болсыновна
«Жылуэнергетика» - кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент, Садыкова Самал Бекболатовна
«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» - кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент, Султанов Тимур Тулеугалиевич
«Стандарттау және сертификаттау» - кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор, Байхожаева Бахыткуль Узаковна
«Электроэнергетика» - кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Жумажанов Серик Қаратайұлы
Көлік-энергетика факультеті бакалавр, магистратура және докторантура білім беру бағдарламалары бойынша келесі кадрларды дайындайды:
Бакалавриат:
6В07113 – «Көлік, көлік техникасы және технологиясы»;
6В07117 - «Жылуэнергетика»;
6В07118 - «Электрэнергетика»;
6В11301 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;
6В11302 - «Логистика (сала бойынша)»;
6В07532 - «Стандарттау және сертификаттау»;
6В07550 - «Метрология (сала бойынша)».
Магистратура:
7М07113 - «Көлік, көлік техникасы және технологиясы»;
7М07117 - «Жылуэнергетика»;
7М07118 - «Электрэнергетика»;
7М11301 - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;
7М11302 - «Логистика (сала бойынша)»;
7М07532 - «Стандарттау және сертификаттау»;
7М07550 – «Метрология (сала бойынша)».
Докторантура:
8D07113 - «Көлік, көлік техникасы және технологиясы».
8D07117 - «Жылуэнергетика»;
