
Жоғары кәсіби шеберліктің айқын көрінісі: Кубенова Маржан Маликовна — «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025

Алматы қаласында, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы ғимаратында «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағы иегерлерін марапаттау салтанатты рәсімі өтті.
Республикалық байқау қорытындысы бойынша «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының оқытушы-зерттеушісі Кубенова Маржан Маликовна «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» атағына ие болды. Аталған марапат педагогикалық қызметтің жоғары сапасы, ғылыми зерттеулердегі елеулі нәтижелер, жарияланым белсенділігі және оқу-әдістемелік жұмысты дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі.
Марапаттарды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы президенті Акылбек Куришбаев, сондай-ақ вице-министр Гульзат Кобенова табыстады.
Өз сөзінде Саясат Нұрбек бұл атақтың берілуі оқытушылар мен зерттеушілердің жоғары кәсібилігін, олардың ғылымды, инновацияны және елдің жоғары білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесін мойындау екенін атап өтті.
«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасының ұжымы Кубенова Маржан Маликовнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтап, алдағы уақытта кәсіби табыс, жаңа ғылыми жобалардың жүзеге асуы, жемісті зерттеу жұмыстары мен білікті мамандар даярлауда зор жетістіктер тілейді.
