
Денсаулық мәдениеті – өмір сапасының негізі



20 ақпан 2026 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың «Тасымалды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану» кафедрасының B095-11302-25-03 логистика тобының 1-курс студенттері үшін ерекше кездесу өтті. Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің маманы Мұхамеджанова Нұрзила Жақсығалиқызы «Денсаулық мәдениеті – өмір сапасының негізі» тақырыбында мазмұнды дәріс жүргізді. Кездесуге топ кураторы Ермуханова Альбина Салауатқызы қатысты. Сабақ барысында студенттерге алдын алу шаралары, E-куратор чат-боты, әлеуметтік қолдау түрлері, флюорографиялық тексеруден уақытылы өту және 063-формадағы егу картасын Platonus жүйесіне жүктеу тәртібі туралы маңызды ақпарат берілді. Бұл дәріс жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңызын айқындады.
