
«Ұлттық киім – халықтың асыл мұрасы» атты мереке аясында студенттік өнер жарқырады!
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
18.03.2026 9

Кафедрамыздың 3-курс студенті Мұрат Бейбіт ерекше өнерімен көпшілікті тәнті етті. Ол өзінің жыршылық қабілетін паш етіп, ақын Аралбай Оңғарбекұлының «Сөзбасы» атты термесін домбырамен жоғары деңгейде орындады. Мұраттың әсерлі орындауы кештің рухани мазмұнын байытып, тыңдаушылардың жүрегіне ұлттық өнердің шынайы құндылығын жеткізді. Бұл өнер көрсетілім студенттердің шығармашылық әлеуетін танытып қана қоймай, дәстүр мен рухани мұраны дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.
Бөлісу:
