
«Көлік және энергетиканың өзекті мәселелері: инновациялық шешу тәсілдері» XIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Стандарттау, метрология және сертификаттау» секциялық отырысы өтті

2026 жылдың 19 наурызында «Көлік және энергетиканың өзекті мәселелері: инновациялық шешу тәсілдері» атты XIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының «Стандарттау, метрология және сертификаттау» №3 секциялық отырысы ұйымдастырылды.
Секцияға ұсынылған баяндамалар мен мақалалардың сапасын бағалау үшін алдын-ала комиссия құрылды. Жалпы конференцияға 47 қатысушы өтініш білдірді. Қатысушылар қатарында Самарқанд экономика және сервис институты, Н.Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, Satbayev University, В.И. Вернадский атындағы Ресей мемлекеттік халық шаруашылығы университеті, И.С. Тургенев атындағы Орёл мемлекеттік университеті сияқты жоғары оқу орындарының жас ғалымдары, аспиранттары мен доценттері болды.
Комиссия нәтижесінде 27 мақала таңдалып, конференция жинағында жариялауға лайық деп танылды. Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушыларға 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.
Жүлдегерлер:
- I орын дипломы – Казиев А.С., 1-курс магистранты, ОП 7М07551 – «Инновациялық технологияларды метрологиялық қамтамасыз ету», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қаласы.
- II орын дипломы – Әбдіжәлел М., 1-курс магистранты, ОП 7M07503 – «Сапаны басқару және диагностика әдістері, жүйелері (салалар бойынша)», Satbayev University, Алматы қаласы.
- III орын дипломы – Сахилаева Д.Б., 1-курс магистранты, ОП 7М07532 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қаласы.
Алғыс хат иегерлері:
- Шегай А.В., 1-курс магистранты, ОП 7М07551 – «Инновациялық технологияларды метрологиялық қамтамасыз ету», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қаласы.
- Жәнібек Ж., 1-курс магистранты, ОП 7М07532 – «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)», Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, Астана қаласы.
Конференция секциялық отырысы қатысушылардың ғылыми ізденісін қолдап, заманауи стандарттау, метрология және сертификаттау саласындағы жаңашыл шешімдерді талқылауға мүмкіндік берді.
