
2026 жылы 9 сәуірде "Стандарттау, сертификаттау және метрология" кафедрасында «Болашақ стандарттары: идеядан енгізуге дейін» ғылыми-практикалық кейс чемпионаты өтті







Ғылым онкүндігі аясында "Стандарттау, сертификаттау және метрология" кафедрасында 1–3 курс студенттері арасында «Болашақ стандарттары: идеядан енгізуге дейін» тақырыбында ғылыми-практикалық кейс чемпионаты ұйымдастырылды.
Аталған шараға жалпы 14 студент қатысуға өтініш білдіріп, өз білімдері мен креативті ойлау қабілеттерін ортаға салды. Қатысушылар заманауи технологиялар, смарт жүйелер, жасыл экономика, өндірістік қауіпсіздік аясындағы жаңа технологиялар және олардың стандартталуына қатысты тың идеялар ұсынып, мазмұнды баяндамалар жасады.
Чемпионат қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, шығармашылық тәсілі мен ерекше креативтілігімен көзге түскен студенттерге алғыс хаттар табысталды. Айта кету керек, «Креативтілік» номинациясы бойынша жеңімпаздар көрермен студенттердің онлайн дауыс беруі арқылы анықталды.
Шараға қазылық еткен құрметті қонақтар:
– Баймурзина Гульмира Қоныспаевна – Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті (Н.Э. Бауман атындағы) «Бизнес-информатика» кафедрасының аспиранты;
– Айменов Рүстем Ханатұлы – Техникалық реттеу және метрология комитетінің Астана қаласы бойынша бөлім басшысы, әдеп жөніндегі уәкіл;
– Қазбек Нұрбек Даниярұлы – ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің стандарттау және тауарлардың шығу тегі басқармасының жетекшісі.
Байқау нәтижелері бойынша:
I орын – 2 курс студенті Серажы Балзат
II орын – 2 курс студенті Сексембаев Дарина
III орын – 1 курс студенті Амантаева Ару
Аталған іс-шара студенттердің кәсіби қызығушылығын арттырып, ғылыми ізденістерін дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
