
Еліміздің үздік студенттері ENU алаңында бас қосты
ЕҰУ30жыл
SMART.ENU
ЕҰУ жаңалықтары
17.04.2026 92

















2026 жылғы 17-18 сәуір күндері Көлік – энергетика факультетінде «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» және «Жылуэнергетика» білім беру бағдарламалары бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Бұл ауқымды білім додасына еліміздің 22 жоғары оқу орнынан келген 90-ға жуық қатысушы жиналды. Оның ішінде 63 студент өз білімін сынаса, 26 жетекші жастарға қолдау көрсетуде. Олимпиаданың басты мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби білімін жетілдіру, ғылыми ойлау қабілетін дамыту және тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау. Айта кетейік, бұл маңызды іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылып отыр.
Бөлісу:
