
ЖЕТІСТІКТЕР


Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ "Жаңа Асу" гранты
Көлік-энергетика факультетінің ғалымдары "Жаңа Асу -2023" байқауының жеңімпаздары атанды.
Бул️ Болатов Нұржан Қажымұратұлы. Ғылыми жобаның тақырыбы: "көпқабатты ғимараттарда қоқысты басқару жүйесінің тәжірибелік құрылғысын әзірлеу";
Да️ Кушалиев Дәурен Қайсарұлы. Ғылыми жобаның тақырыбы: "көлік техникасы тораптарына арналған серіппелі төсемдері бар инновациялық жөндеу жиынтығын зерттеу және қолдану";
КаР️Каржаубаев Нұрлан Арапұлы. Ғылыми жобаның тақырыбы:"Smart detector";
⚜️ Арпабеков Мұратбек Ілиясұлы, Мазманов Кәрім Абдуллаұлы. Ғылыми жобаның тақырыбы: "Digit.Ex-онлайн мамандарды іздеу платформасы".
"Жаңа Асу" грантына конкурстың мақсаты коммерцияландыру перспективалары бар ғылыми жобалар мен идеяларды қолдау болып табылады. "Жаңа Асу" гранты өтеусіз және қайтарымсыз болып табылады.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жыл сайын өтетін «Сергектік және денсаулық-2024» спартакиадасында Көлік-энергетика факультеті топ жарып, жеңімпаз атанды. Жеңімпаз факультет жалпы командалық есепте 89 балл жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

"Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру" кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Бекенов Тасыбек Нусупбекович "ЖОО-ның Үздік оқытушысы-2022" Республикалық байқауының жеңімпазы


"Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы -2021" байқауының жеңімпазы
"Жылуэнергетика" кафедрасының доценті, Phd докторы
ЖУМАГУЛОВ МИХАИЛ ГРИГОРЬЕВИЧ

Университеттің 25 жылдығына арналған "Факультеттің оқу-әдістемелік комиссиясының үздік төрағасы" байқауының екінші орын иегері - Көлік-энергетика факультеті Оқу-әдістемелік комиссиясының төрайымы, "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру" кафедрасының аға оқытушысы, ғылым магистрі
АЙТХОЖИНА АЙМАН САГИНБЕКОВНА






