
Жетістіктер
«Электр энергетикасы» кафедрасы
еліміздің энергетика саласына жоғары деңгейдегі мамандарды даярлаудағы алғашқы қадамдар туралы
Л. Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 2023 жылы «Электр энергетикасы» кафедрасы ашылган, бұл кафедра да аттас мамандық бойынша бөлек орын алып, білім беру саласында алғашқы қадамдарын жасап келеді.
Елдердің дамуы энергия өндірумен және пайдаланумен өте тығыз байланыста. Мұнда энергия, ең алдымен, электр энергиясына жатады, өйткені оны энергияның қандай да бір түріне айналдыруға болады және көптеген заманауи өндірістік және ақпараттық технологиялар электр тоғын пайдаланып тікелей жұмыс істейді.
Электр энергетикасында екі негізгі мәселе бар: біріншісі – электр энергиясын өндіру, екіншісі – электр энергиясын тұтынушыларға тасымалдау және оңтайлы бөлу. Осы екі бағытты іс жүзінде жүзеге асыру еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кейінгі жылдары оның өндірісін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта кафедра бакалавриат пен магистратурада «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды дайындайды. Кафедрада Қазақстан, Ресей, Қытай, Жапония елдерінің ғылым докторлары мен кандидаттары, PhD докторлары мен магистрлері дәріс оқиды, студенттерге практикалық және зертханалық сабақтар жүргізеді.
Кафедрада «Электр энергетикасы» мамандығының 1-4 курсында 300-ден астам студент білім алуда. Жыл сайын бұл мамандықты таңдаған талапкерлер саны артып келеді.
Қазіргі уақытта келесі ұйымдармен өндірістік және диплом алдындағы тағылымдамадан өтуге келісім-шарттар жасалды:
1) Астана-РЭК;
2) Ақмола облыстық энергетика комиссиясы;
3) Астана электротехникалық зауыты;
4) «Астана-Энергия»;
5) «NAT Group-PV» ЖШС.
Engineering - Electrical & Electronic пәні бойынша халықаралық QS рейтингінің нәтижелері бойынша олар 501-530 орынға ие болды!
Электр энергетика кафедрасы
