
Кәсіптік бағдар беру
БУКЛЕТТЕР
Абитуриент 2023/24 Электроэнергетика
А Қ П А Р А Т
Кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша 13.10.2023 күні Астана қ. Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 ұлттық гимназияда болдық. Электрэнергетика мамандығы бойынша электронды түрде және үш тілде әзірленген буклет және 3 минуттік презентация 11 сынып оқушыларына таратылды, келешекте болып жатқан сұрақтарға жауап беру үшін біздің Электрэнергетика кафедраның (Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Көлік-энергетика факультеті) телефондары және e-mail адрестері ұсынылды. Осы кездесуге 3-ші курс студенттері Тұтқабаев Мақсат және Шайманов Жансары өз үлестерін қосты. Кездесуді өткізуге көмектескен гимназия директоры Абдыраманова Г. А. және оқу ісінің басшысы Сариева Г. С. алғысымызды білдіреміз.
Кәсіптік бағдарлау жұмысы жалғасуда. Көптеген мектептермен, гимназиялармен кәсіптік бағдарлау жұмысы онлайн түрде атқарылып жатыр. Жаңа оқу жылында жуықтап алғанда 120-дан астам мектепке ақпараттар таратылды. Материалдар Фейсбукке шығып тұрады: https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid02cFYNAM1RmdKaJSNB6u28NmLvu9JPwscsiETqkCkAv5FngY4K6Dm1S7JokKs1etYkl&id=100030395330692
Ақпаратты тарату, қажетті жерге, тиісті оқушыларға жеткізе білу – ол өте маңызды жұмыс. Осы жұмысты жақсы деңгейде өткізуге көмектесіп жүрген студенттерге, бұрынғы түлектерге, әріптестерге, достарыма, туыстарға, өзім танитын журналистерге рахмет айтамын.
Мүмкіндігінше өзім білетін көптеген ресурстарды осы профориентациялық жұмысқа қостым. Мысалға Y-Tube каналында өзімнің контентімде (атауы Toksan Zhakatayev) орта мектеп деңгейінде Физика пәні бойынша арнайы тақырыптар бағытында он лайн лекция оқып, күрделі есептердің шешімін көрсетіп отырамын. Көптеген тыңдармандарым бар. Міне осы он лайн (қоғамдық, жұртқа тегін, маған ешбір төлеусіз) оқушыларды оқыту-халықты ағарту жұмысымды да – кәсіпті таңдауға (профориментацияға) көмектесетін ғылып, пайдаланып жүрмін. Бұл тиімділігі жоғары ресурстардың біріне жатады.
Орта мектепті бітіріп жатқан барлық жастарға ақжол, сәттілік, барлық жақсылықты тілейміз.
Электрэнергетика кафедрасының кәсіптік
бағдарлау жұмысын атқарушы техн. ғылым. докторы
Жакатаев Т. А. 31.01.2024 Астана қ.





