
Жетістіктер
| "Жылуэнергетика" кафедрасы студенттерінің жетістіктері |
Ғылыми байқаулар
2019 жылы Астанада QazIndustry ұйымдастырған Ұлттық инновациялар байқауы өтті. "Жылуэнергетика" кафедрасынан 4 курстың екі студенті: Рахимжанов Зангар Кайратович және Нұртай Сәкен Жолдасбекұлы құрамында доцент м.а. Дюсенов Канат Махметовичтің жетекшілігімен "Әлем энергетикатары" командасы қатысты. Жоба тақырыбы "Жоба - суды кавитациялық өңдеу".
Байқау қорытындысы бойынша "Әлем энергетикатары" командасы "Студенттер арасындағы үздік инновациялық жоба" номинациясы бойынша II орын алып, 1 000 000 теңге сомасына сертификат - жүлдені жеңіп алды.

Республикалық олимпиадалар
2023 жылы 25-26 сәуірде Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде энергетика бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың II туры өтті. Олимпиадада Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ атынан "Жылуэнергетика" білім беру бағдарламасының студенттері қатысты:
-
- Қаирбеков Азамат (3 курс, B062-7117-20-01);
- Нұртай Алихан (4 курс, B062-7117-19-02);
- Ермеков Шырак (4 курс, B062-7117-19-02).
Ұжымның жетекшісі – PhD докторы, қаумдастырылған профессор, "Жылуэнергетика" кафедрасының доценті М.Г. Жумагулов.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке біріншілікте ЕҰУ студенттері жүлделі орындарға ие болды: Қаирбеков Азамат – 2 орын, Ермеков Шырак – 3 орын; ал командалық есепте 2 ОРЫНДЫ иеленді.
![]() |
![]() |
![]() |
2022 жылы 21 сәуірде "Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті" КеАҚ (Алматы қ.) жылу энергетика бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың II туры өтті. Олимпиада режимі - онлайн. Олимпиадада Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ атынан "Жылуэнергетика" мамандығының студенттері қатысты және жүлделі орын алды:
-
- Абай Аңсат Нұрланұлы (В062-7117-19-01) – жеке біріншілікте II орын;
- Қасымов Дидар Азаматұлы (В062-7117-19-02) – жеке біріншілікте III орын .
Ұжымның жетекшісі – PhD докторы, қаумдастырылған профессор, "Жылуэнергетика" кафедрасының доценті М.Г. Жумагулов және аға оқытушы Өмірбаева А.Ө.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша командалық біріншілікте ЕҰУ студенттері 2 ОРЫНДЫ иеленді.

2020 жылы 11 желтоқсанда "Шәкәрім университеті" КеАҚ (Семей қ.) энергетика бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың II туры өтті. Олимпиада режимі - онлайн. Олимпиадада Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ атынан "Жылуэнергетика" мамандығының студенттері қатысты және жүлделі орын алды:
-
- Төлеуов Аслан Ғадылұлы (ТЭ-42);
- Нурланқызы Әсел (ТЭ-41);
- Сайлаубек Санжар Нұрланұлы (ТЭ-41).
Ұжымның жетекшісі – PhD докторы, "Жылуэнергетика" кафедрасының доценті м.а. М.Г. Жумагулов және аға оқытушы Өмірбаева А.Ө.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке біріншілікте ЕҰУ студенттері жүлделі орындарға ие болды: Төлеуов Аслан – 2 орын, Нурланқызы Әсел – 3 орын; ал командалық есепте 2 ОРЫНДЫ иеленді.


2018 жылы 4 сәуірде Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ қабырғасында "Жылуэнергетика" бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға 5В071700 «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайтын Қазақстан Республикасының 7 ЖОО қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ студенттері жалпы командалық есепте үшінші орынды қанағат тұтты. Абсолютті жеңімпаздар АЭжБУ студенттері болды.


2017 жылы 5-7 сәуірде Алматы энергетика және байланыс университетінде (Алматы қ.) энергетика бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың II туры өтті. Олимпиадада Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ атынан "Жылуэнергетика" мамандығының студенттері қатысты:
-
- Қайратқызы Агнур (ТЭ-34);
- Жакупов Даулет (ТЭ-34);
- Малгаждаров Алибек (ТЭ-32).
Ұжымның жетекшісі – PhD докторы, "Жылуэнергетика" кафедрасының доценті м.а. М.Г. Жумагулов.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке біріншілікте ЕҰУ студенттері жүлделі орындарға ие болды: Қайратқызы Агнур – 1 орын, Малгаждаров Алибек – 3 орын; ал командалық есепте 1 ОРЫНДЫ иеленді.


2017 жылы 5-6 сәуірде Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ қабырғасында "Жылуэнергетика" бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға 5В071700 «Жылуэнергетика» мамандығы бойынша бакалаврларды дайындайтын Қазақстан Республикасының 10 ЖОО қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ студенттері жалпы командалық есепте ІІІ орынды қанағат тұтты. Абсолютті жеңімпаздар АЭжБУ студенттері болды.

2016 жылы 16-17 сәуірде Алматы энергетика және байланыс университетінде (Алматы қ.) энергетика бойынша Республикалық студенттік олимпиаданың II туры өтті. Олимпиадада Л.Н. Гумилев ат. ЕҰУ атынан "Жылуэнергетика" мамандығының студенттері қатысты:
-
- Верницкас Павел (ТЭ-22);
- Адилханова Алия (ЖЭ-23);
- Сермуханова Ботагоз (ЖЭ-23).
Ұжымның жетекшісі – PhD докторы, "Жылуэнергетика" кафедрасының аға оқытушысы М.Г. Жумагулов.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша жеке біріншілікте ЕҰУ студенттері жүлделі орындарға ие болды: Адилханова Алия – 2 орын, Сермуханова Ботагоз – 3 орын, Верницкас Павел – 3 орын; ал командалық есепте 1 ОРЫНДЫ иеленді.

| "Жылуэнергетика" кафедрасының ПОҚ жетістіктері |
|
Жумагулов Михаил Григорьевич, PhD, қауымдастырылған профессор 2021 жылдың қорытындысы бойынша Жумагулов М.Г. жоғары білім саласындағы "2021 жылдың ЖОО-нің ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ" беделді атағының иегері атанды. Медаль мен сертификатты Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.К.Аймагамбетов өзі табыс етті. Толығырақ. |
![]() |
|
Алмигазин Алтай Шурумбаевич, т.ғ.д., профессор «Экспо-2017» қатысушысы, "Жасыл жылуландыру" жүйесі экспонатын ұсынды. Экспонат "Нұр-Әлем" қазақстандық павильонының бірінші қабатында қойылды. |
|
|
Садыкова Самал Бекболатовна, PhD, аға оқытушы В062-7117-19-02 тобының студенті Нұртай Алихан С.Б. Садыкованың жетекшілігімен 2022-2023 оқу жылында өткен Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында жүлделі ІІ орын алды. |
![]() |
|
|
Өмірбаева Айжан Өмірбайқызы, магистр, аға оқытушы ЖЭ-35 тобының студенті Бекжанова Акерке А.Ө. Өмірбаеваның жетекшілігімен 2021-2022 оқу жылында өткен Республикалық студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында жүлделі ІІІ орын алды. |






