
Жетістіктер


2025 жылдың 24 сәуірінде Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университетінде Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының 2-3 курс студенттері арасында "Көлік логистикасы" пәні бойынша XVII Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті.
Олимпиада болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту, жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми байланыстарды нығайту және логистика және көлік тасымалы саласында тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараның жетекшісі Сүлейменов Тыныс Бөлекбайұлы болды. Олимпиада аясында студенттер көлік логистикасы саласындағы өз білімдерін көрсетті, өзекті кейстерді талдап, логистикалық процестерді оңтайландыру бойынша өз жобаларын ұсынды.
Еуразия ұлыттық университеті атынан олимпиадаға Шыныбекова Сымбат Бахытқызы, Сайлаубай Дамира Саматқызы және Бақытжанқызы Ақжан қатысып, жоғары нәтижелер көрсетіп, 2 жүлделі орынға ие болды. Осындай іс-шаралардың арқасында студенттердің ой-өрісін кеңейтуге, кәсіби танысуға және олардың көлік логистикасы саласында одан әрі дамуына ықпал ететін құнды тәжірибе алуға мүмкіндігі бар.
Студенттердің жетістігі (олимпиада)
Студенттердің жетістігі (олимпиада)
Атамекен ҰКП білім беру бағдарламасы бойынша рейтингте 1-орын 2022-2023 оқу жылы
Атамекен ҰКП білім беру бағдарламасы бойынша рейтингте 1-орын 2021-2022 оқу жылы
ЖОО-ның үздік оқытушысы 2022ж.
ПОҚ біліктілігін арттыру туралы сертификаттар 2021-2023жж.
ПОҚ біліктілігін арттыру туралы сертификаттар 2020ж.
Студенттердің Республикалық пәндік олимпиададағы дипломдары 09.11 2002 ж.
Студенттердің Республикалық пәндік олимпиададағы дипломдары 14.02 2002 ж.
ППС біліктілігін арттыру сертификаттары мен куәліктері 2019ж.
"ҚТЖ" ҰК "АҚ-мен өзара ынтымақтастық туралы меморандум 2020ж.
ҚР және ТМД жеңімпаздарының тізімі
Пәндік олимпиада жүлдегерлерінің тізімі
2019 Ресей олимпиададан диплом
2019 Ресей олимпиададан диплом
2019 Ресей олимпиададан диплом
«2017 жылғы факультеттің үздік кафедрасы» номинациясында Ректордың дипломымен марапатталды.
Мамандарды даярлаудың бағыттары мен деңгейлері бойынша ҚР жоғары оқу орындарының тәуелсіз рейтингісінің нәтижелері бойынша 2018 жыл НААР - 5В090100 "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру" білім беру бағдарламалары екінші орын-1347 балл және 6М090100 "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру" білім беру бағдарламасы екінші орын -277 балл алды.
Жоғары оқу орындарының сұранысының ұлттық рейтингі-2019 НААР / IAAR ресми сайтында сандық ранжирлеу нәтижелерін ұсынады www.iaar.kz, БАҚ.
