
Материалдық-техникалық база
Кафедраның материалдық-техникалық базасы
2018 жылы Educational Production Center «ENU Engineering» зертханалық корпусы ашылды.
Осы корпуста кафедра үш мамандандырылған аудиторияға ие:
• «Поезд диспетчері» зертханасы (ауд. 140-05)
• «Тасымалдау процестерін басқару» зертханасы (ауд. 140-06)
• «Көлікті пайдалану» зертханасы (ауд. 140-09)
Сондай-ақ, кафедрада Rail-Atlas және PTV Visum бағдарламалық пакеттерімен жабдықталған заманауи компьютерлік сынып (ауд. 140-09) жұмыс істейді.
Бұл бағдарламалық жасақтама «Көлік ағындарын жоспарлау және модельдеу» курсын өткізу үшін қолданылады (номенклатуралық нөмірі 0000000323, 18 қаңтар 2016 ж.), жалпы құны 2 958 936 теңге.
«Поезд диспетчері» зертханасы
Зертханада келесі жабдықтар бар:
• Белсенді теміржол станциясының макеті
• Станция кезекшісінің пульт-таблосы
• Диспетчерлік компьютерлер
• Байланыс жабдықтары
«Тасымалдау процестерін басқару» зертханасы (2018 жылы құрылды)
Зертханада келесі жабдықтар бар:
• Интерактивті стенд «Поезд диспетчері»
• Интерактивті стенд «Пост кезекшісі»
• Интерактивті стенд «Жолдардың қиылысуы»
• Бағдарламалық-әдістемелік кешен «Теміржол жолы»
• Стенд-планшет «Рельс пен дөңгелектің өзара әрекеттесуі»
• Стенд-планшет «Бұрылыс бағыттамалары элементтерінің ақаулары мен зақымдануларын жіктеу»
«Көлікті пайдалану» зертханасы (2018 жылы құрылды)
Зертханада келесі жабдықтар бар:
• CAN жүйесімен мультиплексорлы электронды бензин қозғалтқышын басқару стенді
• Автоматтандырылған зертханалық стенд «Автомобиль дөңгелегінің статикалық сипаттамалары»
• «Электрлік күшейткіші бар жеңіл автомобильдің рульдік басқару жүйесі» зертханалық стенді
• «Цифрлық тахограф» тренажер-стенді
• «Жол таңбалау материалдарының тозуға төзімділігін сынау» зертханалық стенді
• «Мотор-генераторлық жүктеу қондырғысы бар бензин қозғалтқыштарының жұмыс процестері» автоматтандырылған зертханалық кешені
• «SRS қауіпсіздік жүйесі» стенді
• «Автомобиль дөңгелектерінің жұмыс процестері» стенді




Кафедраның Астана қаласындағы №1 Автобус паркінде филиалы бар. Филиал базасында екі зертхана жұмыс істейді, сондай-ақ автобус паркіне тиесілі әртүрлі диагностикалық цехтар қолданылады.
Кафедраның лекциялық залдары:
• 429 аудитория – оқытушылар бөлмесі
• 430 аудитория – магистранттар кабинеті (дәрістер өткізіледі)
• 431 аудитория – дипломдық жұмыстарға арналған аудитория
• 432 аудитория – автомобиль көлігін пайдалану аудиториясы
• 433 аудитория – теміржол көлігін пайдалану аудиториясы.
Кафедраның компьютерлік жабдықталуы
Есептік кезеңде 2 жаңа компьютер сатып алынды (шот нөмірі 2410, негізгі құралдарды ауыстыру накладнаясы №96, 29 қаңтар 2020 ж.). Кафедрадағы жалпы компьютер саны – 10, олардың ішінде:
• 6 компьютер – №431 кабинетінде
• 3 компьютер – №432 кабинетінде
• 1 компьютер – ЦИСИ 140(10) аудиториясында.
