
Тәрбие жұмысы
"Денсаулық сақтау: жұқпалы аурулардың алдын-алу мәдениеті" тақырыбы аясында туберкулез және қызылша ауруларының алдын алу мақсатында "Стандарттау, сертифкаттау және метрология" кафедрасының 2,3-курс студенттерімен іс-шара өтілді
"Денсаулық сақтау: жұқпалы аурулардың алдын-алу мәдениеті" тақырыбы аясында туберкулез және қызылша арруларының алдын алу мақсатында "Стандарттау, сертифкаттау және метрология" кафедрасының 2,3-курс студенттерімен іс-шара өтті. Іс шараға әлеуметтік және азаматтық даму департаменті өкілі Мұхамеджанова Нұрзила Жақсығалиқызы және "Астана клиник" ЖШС дәрігері Алматова Жадыра Хаиржановна шақырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің жұқпалы аурулардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақыру және студенттер арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын күшейту.
Іс-шара барысында студенттерге жұқпалы аурулардың таралу жолдары, олардың алғашқы белгілері және дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе туберкулез бен қызылша ауруларының қоғам денсаулығына тигізетін қауіпі, алдын алу шаралары және екпенің рөлі туралы нақты мәліметтер берілді.
Әлеуметтік және азаматтық даму департаментінің өкілі Мұхамеджанова Нұрзила Жақсығалиқызы өз сөзінде жастарды қоғамдық денсаулық мәселелеріне бейжай қарамауға шақырып, ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың, салауатты өмір салтын ұстану, уақытылы медициналық тексеруден өту және ақпараттық сауаттылықты арттырудың маңызын айтты.
Ал Алматова Жадыра Хаиржановна туберкулездің негізгі белгілері (ұзақ уақытқа созылған жөтел, әлсіздік, дене қызуының көтерілуі, салмақ жоғалту) туралы айтып, флюорографиялық тексеруден тұрақты өтудің қажеттігін түсіндірді. Сонымен қатар қызылшаның аса жұқпалы ауру екеніне тоқталып, оның алдын алудың ең тиімді жолы – вакцинация екенін ерекше атап өтіп кәсіби түсіндірме жүргізді.
Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды.


«Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасында т.ғ.к., қауымдастырылған профессор (доцент) Хаймулдинова А.К. ұйымдастыруымен Метр-41 тобының студенттерімен «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» тақырыбында кураторлық сағат өтті
2025 жылғы 10 желтоқсан күні Көлік-энергетика факультетінің «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасында Метр-41 тобының студенттерімен «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу. Кураторлық сағат барысында ел тәуелсіздігінің маңызы, тарихи жетістіктері мен бүгінгі даму жолы туралы мазмұнды әңгіме өрбіді.
Кураторлық сағатты техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (доцент) Хаймулдинова А.К. жүргізді.
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні құтты болсын! Көк байрағымыз биікте, болашағымыз жарқын болғай!



Лудомания – жастар үшін қауіпті тәуелділік
Қазіргі таңда жастар арасында кең етек жайып келе жатқан қауіпті әлеуметтік мәселелердің бірі – құмар ойындарға тәуелділік, яғни лудомания. Осыған байланысты 2025 жылдың қазан айында Стандарттау және сертификаттау кафедрасында кураторлары Ахмет А.Ә. Сис-11, Сис-12 топтарына, Есмағамбет А.Д. Сис-21, Метр-21 топтарына, Абсеитов Е.Т. Сис-22 тобына, Киргизбаева К.Ж. Метр 31, Метр 33 топтарына, Ермаханова Ф.Р. СиС-41 және СиС-43 топтарына, Хаймулдинова А.К. Метр 41, Метр 42 топтарының студенттеріне «Лудоманияның алдын алу» тақырыбында кураторлық сағаттар өткізді.
Кураторлық сағаттың мақсаты – студенттерге құмар ойындардың зияны туралы жан-жақты ақпарат беру, лудоманияның белгілері мен салдарын түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау болды. Шара барысында куратор құмар ойындарға тәуелділіктің адам психикасына, әлеуметтік өміріне және қаржылық жағдайына тигізетін кері әсерлеріне тоқталды.
Сондай-ақ, студенттерге лудоманиядан сақтанудың жолдары мен бұл тәуелділікке ұшыраған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы ақпарат берілді. Қатысушылар бейнероликтер тамашалап, өз пікірлерімен бөлісті, тақырып бойынша сұрақтар қойып, белсенділік танытты.
Осындай тәрбие сағаттары студенттердің өмірлік құндылықтарын айқындауға, өз уақытын тиімді пайдалануға және зиянды әдеттерден аулақ болуға ықпал етеді. Кураторлық сағат қорытындысы бойынша жастар бұл мәселенің маңыздылығын түсініп, құмар ойындардан аулақ болу қажеттігі туралы терең ой түйді.




Көлік-энергетика факультетінің ұйымдастыруымен «Тәуелділіктің тұзағында» атты іс-шара өтті
9.10.2025 ж. көлік-энергетика факультетінің ұйымдастыруымен «Тәуелділіктің тұзағында» атты жастар арасында құмар ойындарға (лудомания) тәуелділіктің алдын-алу, ақпараттандыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған маңызды іс-шараға кафедрамыздан СиС-21 тобы қатысты.
Іс-шара барысында құмар ойындарының жастар өміріне тигізер кері әсері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы жан-жақты мағлұматтар берілді. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы айтылып, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыруға бағытталған пікір алмасулар ұйымдастырылды.
Мұндай кездесулер студенттердің санасында құқықтық мәдениетті қалыптастырып, теріс әрекеттерден сақтануға, өз болашағына жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді.



8-қазан күні Метр 31 және Метр 33 топтарымен т.ғ.к., доцент Киргизбаева К.Ж. «Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәнінен ашық сабағын өткізді.



3 қазан күні СиС 31 және СиС 33 топтарымен т.ғ.к., доцент м.а. Ермаханова Ф.Р. «Сапа менеджменті құралдары» пәнінен "Парето диаграммасы" ашық сабағын өткізді.

Expo халықаралық көрме орталығында өткен Digital Bridge 2025 форумына кафедрамыздан Метр-43 тобының студенттері қатысты
2025 жылдың 2-қазанында Expo халықаралық көрме орталығында Digital Bridge 2025 форумы өтті. Кафедрамыздан Метр-43 тобының студенттері қатысты. Форумда әлемнің үздік университетінен спикерлер қатысып, өз технологияларымен бөлісті. Соның бірі - Пол Ким (Paul Kim) қазіргі кезде Стэнфорд университетінің Білім беру мектебінде (Graduate School of Education) қызмет етеді. Ол білім технологиялары, оқу-орта дизайны, инновациялық білім әдістері бойынша зерттеулермен айналысқан. Пол Ким Digital Bridge 2025 форумында “AI-Sana: как драйвер ИИ-трансформации высшего образования” атты сессияға қатысты яғни жоғары білім саласындағы жасанды интеллект қолдану, білім беру жүйелерінде ЖИ интеграциясы туралы сөз қозғады.
Сонымен қатар, қазіргі заман адамына қажетті дағдылардыда атап өтіп, білім беруде AI технологияларын қолдану арқылы тіл мен мәдениетті сақтауға, қолжетімді білім алуға болатындығын көрсетті. Форумда адамға ұқсас, қимылдай алатын гуманоид роботтарда таныстырылды. Бұл Қазақстандағы инновациялар мен жаңа технологияларды дамытуға бағытталған стартаптар мен жобалардың бір бөлігі болып саналады деп көрсетілді. Сонымен қатар форумда Alaqan KZ компаниясының алақан арқылы төлем жасау технологиясы көрсетілген. Бұл жүйе биометрияны пайдаланып, банк картасы немесе телефонсыз-ақ төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұл технология болашақта пайдаланушыларға қауіпсіз болып қана қоймай, сонымен бірге ыңғайлы әрі қызықты. Студенттер өз танымдарын кеңейтіп, ризашылығын білдірді.


«Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты республикалық форумға кафедраның 3-курс студенттері қатысты
Еңбек күні 27 қыркүйек болып Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының 2013 жылғы 22 қазандағы №698 Жарлығымен қоғамдағы адам еңбегінің беделін өсіруге, өндіруші еңбекті ынталандыруға, жұмыс мамандықтарын насихаттауға және өндіріс саласына жастарды тартуға, жұмыс әулетіндегі көпжылдық дәстүрді нығайту мақсатында Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясын нығайту шеңберінде белгіленді.
Осыған орай, Президенттік орталықта «Еңбек адамы – ел мақтанышы» атты республикалық форум өтті. Біздің кафедрадан 3-курс студенттері қатысты.
Форумда еңбек адамдарының табысты өмір жолдары мен қоғамдағы орны кеңінен айтылып, жастарға үлгі боларлық тағылымды ойлар ортаға салынды.
Бұл шара студенттердің еңбекке деген құрметін арттырып, болашақ кәсіби дамуына зор серпін берді.

«Заң және тәртіп» Астана қаласының Полиция департаменті, «Алматы аудандық» Полиция басқармасының студенттерімен кездесу шарасы өтті
2025 жылдың 25 қыркүйек күні Астана қаласының Полиция департаменті, «Алматы аудандық» Полиция басқармасының ұйымдастыруымен студенттермен кездесу шарасы өтті. Астана қаласы Алматы ауданының прокуроры Маратбек Мырзамұратов және аудандық Полиция басқармасының бастығы Диас Тоқатов заң бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау шаралары туралы айтты.
Аталған іс-шараға Стандарттау және сертификаттау кафедрасынан 1-курс студенттері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрметпен қарау және құқық бұзушылықтың алдын алу.
Шара барысында полиция қызметкерлері студенттерге құқықтық нормалар туралы түсіндіріп, тәртіп сақтау саласындағы қызмет ерекшеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар, студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды жауаптар алды.

21.09.2025 ж. «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты жалпықалалық сенбілікке Сис-11, Метр 33 топтарының студенттері экологиялық мәдениетті арттыру мақсатында атсалысты
Астанада өткен «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты жалпықалалық сенбілік қаланың келбетін жақсартып қана қоймай, жастардың экологиялық санасын қалыптастыруға да үлкен әсер етті. Бұл шараға белсенді түрде Стандарттау және сертификаттау, метрология кафедрасының студенттері де ат салысты.
Студенттер сенбілік барысында шаһардың түрлі аудандарын тазалап, қоқыс жинау, жасыл желектерге күтім жасау сияқты жұмыстарды атқарды. Олардың ынта-жігері мен ұйымшылдығы қала тұрғындарына үлгі боларлықтай. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру – тек тазалық сақтау емес, сонымен қатар қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау екенін студенттер іс жүзінде көрсетті.
Бұл шара жастардың азаматтық жауапкершілігін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін айқын аңғартты. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасып, елордамыз – Астана қаласы шын мәнінде тазалық пен тәртіптің символына айналары сөзсіз.
Бұл сенбілік тек бір күндік іс-шара емес, ол қоғамның әрбір мүшесін қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға үндейтін маңызды қадам болды.

Студенттер арасында заң мен тәртіп қағидаттарын, адалдық, парасаттық, сенім құндылықтарын дәріптеуге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты кафедраның 1 курс студенттерімен кездесу өтті
17.09.2025 ж. Студенттер арасында заң және тәртіп қағидаттарын, адалдық, парасаттылық, сенім құндылықтарын дәріптеуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты көлік-энергетика факультетінің 1 курс студенттеріне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ департамент өкілдерімен кездесу іс – шарасы ұйымдастырылды.
Көлік-энергетика факультеті деканының студенттермен жұмыс жөніндегі орынбасары - А.А. Омарова студенттерге әлеуметтік – тәрбие жұмыстарын түсіндіріп, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім алушыларының ар - намыс және мінез – құлық кодексінің ережелерін сақтау, жоғары этикалық стандарттарды ұстану маңыздылығы жайлы айтып, профилактикалық жұмыс жүргізді.
Іс – шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комлаенс қызметінің аға офицері - Маненбаева Аңсаған Ерғалиқызы және 1 курс студенттері қатысты.
Мауленов Ғалымбек Азадбекұлы қауіпсіздік, құқық бұзушылық, құқықтық сауаттылық және студенттердің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылап, ҚР заңдарын сақтау және ЕҰУ тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндірді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ережелері және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты шаралары жайлы Маненбаева Аңсаған Ерғалиқызы баяндады.
Студенттер сұрақтарға жауап алып, құқықтық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік алды.

15.09.2025 ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының 4-курс студенттері «Есірткіге жол жоқ» атты тәрбие-танымдық іс-шараға қатысты
2025 жылдың 15 қыркүйек күні Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының 4-курс студенттері «Есірткіге жол жоқ» атты тәрбие-танымдық іс-шараға қатысты. Шараның негізгі мақсаты – жастарды есірткіге қарсы тұруға шақыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға үндеу және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.
Шара барысында студенттерге есірткінің адам өміріне, денсаулығына және болашағына тигізетін кері әсері жөнінде нақты деректер келтіріліп, интерактивті презентациялар мен қысқаметражды әлеуметтік бейнероликтер ұсынылды. Сондай-ақ, есірткіге тәуелділіктің алдын алу жолдары мен құқықтық жауапкершілік тақырыбында ашық пікір алмасу ұйымдастырылды.
Спикер өз сөзінде мұндай іс-шаралардың маңызына тоқталып:
«Есірткі — тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қасіреті. Сондықтан біз, білім ордасы ретінде, жастарды осы қауіптен аулақ болуға шақыруымыз керек», — деді.
Студенттер де белсенділік танытып, алдын алу шаралары бойынша өз ұсыныстарын білдірді.
Бұл тәрбиелік шара жастардың есірткіге деген көзқарасын өзгертіп, оларды өз өміріне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу жолында маңызды қадам болды.


1-курс студенттері үшін "Адал азамат" тақырыбында кураторлық сағат өткізілді
9.09.2025 ж. 1-курс студенттері үшін "Адал азамат" тақырыбында Ахмет Аягөз Әсілханқызының ұйымдастыруымен кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында жастарға адалдық, әділдік, жауапкершілік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңызды түсіндірілді.
Куратор студенттермен пікірталас ұйымдастырып, өмірлік мысалдар келтірді. Студенттер өз ойларын ортаға салып, адалдық пен парасаттылықтың қоғамдағы рөлі туралы ой бөлісті. Мұндай кездесулер студенттердің азаматтық ұстанымын нығайтып, болашақта жауапты әрі әділетті маман болып қалыптасуына ықпал етеді.


9.09.2025 ж. Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының 1-курс студенттері үшін психологиялық қолдау мақсатында мамандандырылған психологпен кездесу ұйымдастырылды
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Cтандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының» 1-курс студенттері үшін психолог мамандармен кездесу ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – студенттердің университеттік ортаға бейімделуіне психологиялық тұрғыда қолдау көрсету, олардың эмоционалды тұрақтылығын нығайту және тұлғалық дамуына жағдай жасау.
Кездесуді университеттің психологиялық қызметі ұйымдастырып, психологиялық қолдаудың мазмұны мен бағыттары туралы жан-жақты ақпарат берілді. Мамандар студенттерге бейімделу кезеңінде жиі кездесетін психоэмоциялық қиындықтар, күйзеліс, өзін-өзі бағалау, уақытты басқару секілді мәселелерді тиімді шешу жолдарын ұсынды.
Шара барысында қатысушыларға:
- психологиялық қызметтің жұмысы таныстырылып;
- өз-өзімен жұмыс жасау әдістері көрсетіліп;
- практикалық жаттығулар мен топтық тапсырмалар арқылы психологиялық жағдайды жақсартуға арналған тәсілдер ұсынылды.
Психологиялық қолдау көрсету – университеттің жастардың әл-ауқатын, тұлғалық өсуін және білім алу сапасын қамтамасыз ету жолындағы маңызды бағыттарының бірі. Мұндай кездесулер студенттер арасында сенімділік пен ашықтықты арттырып, академиялық жетістіктерге оң ықпал етеді.
Кафедра студенттері шараның маңыздылығын атап өтіп, университет тарапынан осындай қолдаудың көрсетілуін оң бағалады.



Ұлттық құндылықты дәріптейтін дәстүрлі емес форматта өткізілген кураторлық сағаттар.

"Стандартизация, сертификация және метрология" кафедра оқытушыларының жатақханадағы кезекшіліктері

12 желтоқсан күні «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» атты Метр-22 тобымен ашық кураторлық сағаты өтілді. Куратор: Джаксымбетова М.А.

5 қазан күні СиС‑11 тобымен Ұстаздар күніне арналған ашық кураторлық сағат өтілді.Куратор: Ахмет А.Ә


25 қыркүйек күні СиС-21, 23 топтарымен куратор Шамиева Р.К. «Менің жетістігім-менің нәтижем» атты кураторлық сағатын өтті.

12 қыркүйек күні СиС-11 тобымен «Отбасы- бақыттың кілті»,
18 қыркүйек күні Метр – 11 тобымен «Отбасы отанымыздың ошағы»
тақырыптарында кураторлық сағаттар өтілді.
Куратор: Ахмет А.Ә., Джумадилова Н.М.


26.08.2024 күні сағат 10.00де 1 курс білім алушыларымен бейіндік аптаның алғашқы күні 1-курс студентерімен кафедра меңгерушісі Байхожаева Б.У., кафедраның ОПҚ қатысқан кездесу болды.

28 наурыз күні 2 курс білім алушыларына ‘’Лудомания’’ тақырыбында Психологиялық қолдау орталығының психолог кеңесшісі Айгерім Ерланқызы түсіндірме жұмысын жүргізді

2024 жылдың 17 қаңтар күні СиС-32 тобы студенттерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша кураторлық сағат өткізілді.
Куратор: Хаймульдинова А.К.

2023 жылы 15-желтоқсанда СиС 21 тобында кафедраның жоспарына сәйкес «Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім» ашық кураторлық сағат өтті.
Ашық сабақ Әнұран айтылумен басталды. Студенттер өте жоғары белсенділік көрсетіп Еліміздің тәуелсіздігінің тарихын слайдпен көрсетіп талқылап, Қайрат Рысқұлбековтің абақтыда болған кезде анасымен кездесу сәтінен көрініс көрсетті,
Еліміздің болашағы үшін тәуелсіздіктің маңызын ашты. Соңында «Көк тудың желбірегені» деген әні орындалды.
Кураторлық сағатқа кафедра меңгерушісі Байхожаева Б.У., топ кураторы. Ермаханова Ф.Р., кафедра доценттері Киргизбаева К.Ж., Хаймулдинова А.К., Килибаев Е.О., аға оқытушылары Каршалова Д.Г., Джумадилова Н.М., Ахмет А.А. қатысты.

«Діни экстремизм – бейбітшілікке төнген қауіп» атты ашық кураторлық сағаты
23 қараша 2023ж күні «Стандарттау, сертификаттау және метрология» кафедрасы СжС-11 тобы «Діни экстремизм – бейбітшілікке төнген қауіп» атты ашық кураторлық сағатын өткізді. Топ кураторы: Каршалова Д.Г.
Қатысқандар: Деканның студенттермен жұмысы жөніндегі орынбасары Қуанышбекова Қ.Қ., Бас маман-теолог Дарибай Муратбек Онталапович,т.ғ.к., доцент Ермаханова Ф.Р., т.ғ.к., доцент Хаймулдинова А.К., т.ғ.к., доцент Килибаев Е.О.,
аға оқытушылар Джаксымбетова М.А., Джумадилова Н.М., оқытушы Ахмет А.А.
Ашық сабақ барысында студенттер өздерінің дайындаған презентацияларын, бейне-роликтерін көрсетті. Тақырып бойынша баяндамалар жасалып, талқылау жүргізілді. Қатысушылардың алған білімдерін, мағлұматтарын қорытындылау мақсатында сұрақ-жауап ойыны ойнатылды.
Студенттердің барлығы белсенділік танытты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бас маман-теологы Дарибай М.О.: Діни қызмет және діни бірлестіктер туралыҚазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-ІV Заңы туралы, жастар арасындағы діни сауаттылық,
отбасы құндылықтары, студенттердің университет қабырғасындағы мінез-құлқы және т.б. жайында айтты.

30 қазан 2023ж күні СжС-23 тобымен “АЛЖИР: ұрпақтар ұмытпайды” атты ашық кураторлық сағаты өтілді.
Кураторы: т.ғ.м., оқытушы Ахмет А.Ә.
Ашық кураторлық сағатта АЛЖИР тарихы жайлы баяндама, көрініс, өлең-шумақтары мен топтық хор айтылды. Студенттер мен оқытушылар қуғын-сүргін құрбандарын 1мин үнсіздікпен еске алды.

"Сыбайлас жемқорлық-қоғамның жауы" ашық кураторлық сабағы
27 қазан күні Метрология-32 тобында "Сыбайлас жемқорлық – қоғамның жауы" тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізілді. Сабақты өткізген қауымдастырылған профессор Керімқұлов Ж.К.
"Стандарттау, сертификаттау және метрология" кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.
Ашық сабақ сыбайлас жемқорлыққа Тарихи шолудан басталды. Бұдан әрі сыбайлас жемқорлықтың пайда болу себептері, түрлері, қарсы іс-қимыл әдістері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің әлемдік тәжірибесі қаралды.
Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл құралдары және Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Жолдауы қаралды. Әрі қарай студенттер арасында пікірталас өтті.
Студенттер өз пікірлерімен бөлісіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жақсы дәлелдер мен мысалдар келтірді.

19 қазанда Метрология-31 тобы "Діни экстремизм" тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізді.
Ашық кураторлық сабақтың конспектілері: деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құндыз Қуанышбекқызы, Еуразия ұлттық университетінің бас маман-теологы Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы,
Стандарттау, сертификаттау және метрология кафедрасының оқытушылары және метрология-31 тобы.

№4 студенттер үйінде жоспар бойынша 29.09 - 06.10.2023 ж. күндері кезекшілік өтілді


5 қазанда Еуразия ұлттық университетінің "Стандарттау, сертификаттау және метрология" кафедрасында
СиС-41 тобы "Ұстаз - ұлағатты тұлға"тақырыбында ашық кураторлық сабақ өткізді.
Бұл ашық кураторлық сабаққа топ кураторы Джумадилова Назым Мұратқазықызы және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

2023 жылдың 20 қыркүйегінде көлік-энергетика факультетінің "Стандарттау, сертификаттау және метрология" кафедрасында оқитын СиС-32,43 тобының студенттерімен кураторлық сағат өткізілді. Куратор: техника ғылымдарының кандидаты, доцент Хаймулдинова А. К.
Ашық сабақтың тақырыбы: "Еуразия көшпенділеріне лайықты баға берген Л. Н. Гумилев "" ашық сабақтың мақсаты: Л. Н.Гумилевтің еңбектерінің түркі халқына қатынасын анықтау.

СТАНДАРТТАУ, СЕРТИФИКАТТАУ ЖӘНЕ МЕТРОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНДА "МЕНІҢ ЖЕТІСТІГІМ-МЕНІҢ НӘТИЖЕМ"АТТЫ ОНЛАЙН ДӘРІС-КУРАТОРЛЫҚ САҒАТ ӨТТІ

