
Каферда меңгерушісі

Байхожаева Бахыткуль Узаковна-техника ғылымдарының докторы, профессор, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көлік-энергетика факультетінің "Стандарттау, сертификаттау және метрология" кафедрасының меңгерушісі., Қазақстан сапа менеджменті академиясының академигі. ҚР дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік стипендия иегері (1997–1999 ж.ж.), ҚР БҒМ "Үздік оқытушы - 2008" мемлекеттік грантының иегері.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен "Құрмет орденімен", Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері" төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен, "еңбек сіңірген инженер метролог" сертификатымен марапатталған.
№ 30 "Метрология" стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің, №54 "Сапа менеджменті жүйесі" стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің мүшесі.
Алматы технологиялық университеті жанындағы Д.14.61.17 диссертациялық кеңестің мүшесі, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті химия-технологиялық Ғылыми-зерттеу Институтының диссертациялық кеңестің мүшесі К.05.13. 003. (Бішкек қ.).
Б.У. Байхожаеваның жетекшілігімен 1 докторлық, 3 кандидаттық, 1 PhD диссертация қорғалды. Әр жылдары ол ҚР БҒМ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚР ИЖТМ ТРМК "ҚазСтандарт" РМК тапсырысы бойынша орындалатын шаруашылық келісімшарт ҒЗЖ, сондай-ақ ҒЗЖ ғылыми жетекшісі және жауапты орындаушысы болды.
"Инновациялық тамақ өнімдерінің технологиясы және тауартануы" журналының редколлегия мүшесі, Орел қ., ОГУ, РФ; "Метрология" журналының редколлегия мүшесі, Астана, ҚР, "Госстандарт" журналы, Астана, ҚР.
Ғылыми қызығушылықтары: өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін басқарудың өзекті мәселелері, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін басқару жүйелерін жобалау негіздері.
300-ден астам ғылыми жұмыстың, оның ішінде 7 монография, 15 оқу құралы, 2 өнертабысқа авторлық куәлік және 12 ҚР патентінің авторы.
Электрондық почта: Bajxozhaeva63@mail.ru
Байланыс ақпараты: 010008, Астана, Қажымұқан көш. 13, корпус №3 ЦИСИ, каб. телефон: 8-7172-70-95-00, ішкі нөм.: 33-117.
