
Халықаралық ынтымақтастық

Біздің кафедраның магистранттары Рига техникалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

Кафедра докторанты-Дүйсембаева Бақытжамал, Ресей көлік университетінде ғылыми тағылымдама.



Еуразия ұлттық университетінің профессорлары университеттер арасында ынтымақтастық орнату мақсатымен Венгрияның ОБУДА университетіне іс сапармен барды

13.03.23 г.сағ.:15:00
(ауд 333 ЦИСИ )ЕҰУ профессорлық-оқытушылар құрамы, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ тілек білдіргендердің барлығы, Португалия Республикасының Браганса политехникалық институтының профессоры Фроллен Рибейро Луис Мануэлдің «Жаңартылатын энергия технологиялары» тақырыбындағы ашық дәрісіне белсенді қатысты.

Өзін - өзі қаржыландыру бағдарламасының академиялық ұтқырлық шеңберінде 5.10.2022-27.01.2023 аралығында 4 курс студенті Асхат Смағұлов ("Көлік , көлік техникасы және технологиялар") Түркия мемлекетінің , Измир қаласындағы, Эге университетінде білім алды

Л. Н. Гуммлев ЕҰУ-дың профессорлық-оқытушылар құрамының және алыс шет елдердің профессорлары: Латвия, Испания, Словакия және т. б. қатысуымен халықаралық конференция өтті.

Академиялық ұтқырлық шеңберінде ҚР БҒМ бағдарламасы бойынша 1.09.2022 - 29.01.2023 аралығында 3 курс студенттері Разбек Данияр, Саргожиев Әлішер, Буртебаева Аида, Малтабар Нұрмұхамед ("Көлік , көлік техникасы және технологиялар") Рига техникалық университетінде білім алды (Riga Tehnical University), Рига қ., Латвия.


2019-2020 оқу жылында "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" мамандығының 7М071300 тобының магистранттары Латвия мемлекеті, Рига қаласындағы Рига техникалық университетінде ғылыми бағытындағы тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.
Рига техникалық университетінде ғылыми-зерттеу тағылымдамасын өту кезінде баға жетпес тәжірибе мен ең жақсы әсерлер алынды. Магистранттар университет зертханаларына экскурсия барысында зертханалардың әртүрлі жабдықтармен бай жабдықталғанын және заттарды синтездеу мен талдаудың барлық әдістері бойынша сәтті және әр түрлі жұмыс істеу үшін барлық қажетті реактивтердің үлкен тізімін атап өтті. Сондай-ақ, "Көлік" кафедрасының барлық оқытушылар құрамының жоғары біліктілігі, әрбір профессордың өз пәнін терең білуі, ағылшын тілін жақсы білуі, шетелдік студенттерге достық қарым-қатынасы, диссертациялық тақырыптар бойынша ақпарат іздеуге көмектесуге мүдделілігі атап өтілді.
Университет кітапханасында жиналған көптеген материалдардың диссертациялық жұмыс үшін, яғни зерттеу жұмысына қатысты көптеген өзекті деректер мен қызықты мақалалар табылды. Профессорлар тапсырманың мәнін шыдамдылықпен түсіндіреді. Әр білімгер дәріс барысында алынған білімге және зерттелетін тақырып бойынша қосымша материалдарды іздеуге сүйене отырып, тапсырманы өз бетінше орындайды. Зертханалардағы барлық құралдар ауытқусыз жұмыс істейді, барлық қауіпсіздік шаралары сақталған.
Университеттің өзі өте әдемі және жайлы Рига қаласында орналасқан. Демалыс күндері қаланың көптеген көрнекті орындарын аралап, жергілікті тұрғындардың өмірімен жақынырақ танысуға болады.
«Көлік инженериясы» кафедарсы білім беру процесін барлық деңгейде даярлау бойынша халықаралық қатынасқа көп көңіл бөліді.


ПОҚ академиялық ұтқырлығы (кіріс, шығыс).
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ «Көлік инженериясы» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Тогизбаева Баглан Болсыновна академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кездесулерге және топтың жұмыстарына, оның құрамында халықаралық қатынастар бойынша Рига техникалық университетінің проректоры Игорс Типанспен және көлік институтының директоры Марекс Мезитиспен Рига техникалық университетімен магистратураның дипломы Double Degree бағдарламасы бойынша бірлескен жұмысын әзірлеуге қатысты. Жұмыс барысында жоғарыда аталған бағдарламаны іске асыру жоспарын егжей-тегжейлі қарастырды және ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойылды. Жалпы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 3 жыл ішінде 100-ден астам студент білім алды.

Халықаралық ынтымақтастық аясында кафедра алыс және жақын шетелдердің бірқатар алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен тығыз байланыста.

Прага каласынан «Чехия Техникалық Университетінің» ғылым және зерттеу жөніндегі көлік факультетінің декан орынбасары, PhD доктор, профессор Йосеф Коцоурек 1 курс магистранттарға сабақ өткізу мақсатында “Көлік инженериясы” кафедрасына келді. Курстың соңында емтихан өткізілді.

Дәрістер келесі тақырыптар бойынша өткізілді:
1. “Road safety in the world. Safety standards”
2. “Monitoring of road transport accidents”
3. “Traffic conflict technique”
4. “Traffic psychology”
5. “Road safety inspection”
6. “Road safety audit”
7. “Safety constructions on Highways”
8. “Traffic calming”
9. “Solutions for handicap people”
10. “Roads for pedestrians and cyclists”
11. “Guard rail”
12. “Traffic signs and road marking”
13. “Railway transport safety”
14. “Information technologies in road safety”
15. “Czech and EU experience in road safety”.
