
Неліктен TEF?
Қазіргі уақытта факультетте 1643 білім алушы оқиды. Оның ішінде: 1424 бакалавриат, 197 магистрант және 22 докторант. Университеттегі оқытудың сапасы жоғары стандарттарға сәйкес, бұл көлік-энергетикалық факультет мамандықтарының халықаралық және республикалық рейтингтерде, мамандықтардың халықаралық аккредитацияларынан өтуімен расталады.
ТЭФ контингенті 2023-2024 оқу жылы
ТЭФ контингенті 2024-2025 оқу жылы
ТЭФ Контингент 2025-2026 учеб. год
Білім беру саласында, жоғары білікті мамандар, соның ішінде танымал ғалымдар, академиктер, ғылым докторлары мен ғылым кандидаттары, профессорлар мен доценттер, PhD докторлары мен оқытушылары, өз ісінің мамандары дәріс береді.
Кафедраларда студенттер көп тілді топтарда оқиды, сабақтар ағылшын тілінде жүргізіледі. Сонымен қатар, студенттер мен магистранттар академиялық ұтқырлығы бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік алады - бұл шетелдік серіктес-университетте бір семестр немесе оқу жылы бойынша оқытуға мүмкіндік алады. Факультетте магистратураның барлық мамандықтары бойынша бірлескен білім беру бағдарламалары бар, серіктес жоғары оқу орындарымен, магистранттарды бірлесіп оқыту туралы келісім бар. Оқуын сәтті аяқтағаннан кейін студент ЕҰУ мен серіктес университеттен дипломдарды (екі диплом) алады.
Жыл сайын факультетте G-Global платформасында ғылымның әртүрлі бағыттары бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Факультет студенттері республикалық пәндік олимпиадаға қатыса алады. Сондай-ақ факультет әлеуметтік-тәрбиелік жұмыстар жүргізеді. Музейлерге бару, спорт жарыстары мен конкурстар жақсы ұйымдастырылады, факультет үнемі жүлделі орынға қол жеткізеді.
Бітірушілер азаматтық, патриоттық және төзімділік, Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілге құрмет, халық дәстүрлерін құрметтеу, кез келген конституциялық және анти-әлеуметтік көріністерге төзбеушілік сияқты қасиеттерге ие.
