
Құрметті талапкерлер!
Көліктің ежелден еліміздің маңызды экономикалық құрамдас бөлігі болып келе жатқаны, сонымен қатар болашақта да өз маңызын жоғалтпайтыны айқын. Еліміздің тарихи тұрғыдан қалыптасқан "Ұлы Жібек жолында " орналасуы, ішкі және транзиттік көлік инфрақұрылымын дамытудың зор перспективаларын қамтиды. Қазақстанның орасан зор аумағы, халық тығыздығының төмендігі, елді мекендердің бір-бірінен алшақтығы, әлемдегі интеграция мен жаһанданудың үдемелі процестері көлік шаруашылығының, сондай ақ еліміздің дамуының басым бағыттарының біріне айналдырады.
Сіз «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» оқу бағдарламасын таңдап жоғары білім алумен қатар, болашақ мамандықтың іргетасын қалаушысы, бәсекеге қабілетті және білікті маман бола аласыз. Отанымыздың көлік әлеуетін дамытуға өз үлесіңізді қосасыз.
Университетте білімгерлер үшін оқытудың барлық түрлерін қамтитын инновациялық технологиялар енгізілген (дәрістер, зертханалық-практикалық, семинарлық сабақтар). Сонымен қатар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқу мүмкіндігі бар.
Университет басшылығы студенттерге қосымша қызмет көрсетуді жүзеге асырады, жыл сайын оларға мониторинг жүргізеді және жетілдіру бойынша тиімді шаралар қабылдайды, көп балалы отбасылар мен жетімдерге жеңілдіктер қарастырылған.
Университеттің қоғамдық және ғылыми өміріне белсенді қатысатын дарынды студенттер атаулы стипендиялар мен жеңілдіктермен марапатталады.
Факультет түлектері еңбек нарығында әрдайым сұранысқа ие және көлік саласындағы жұмыс берушілердің сұраныстарына жауап береді.
Кафедрадағы жаңалықтарымыз бен хабарландыруларымызды Instagram парақшасында және телеграмм жеделхатында қадағалауыңызға болады.
"Көлік инженериясы" кафедрасының виртуалды қабылдауының жұмыс мерзімі әр жұмыс күні сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін
Практика мәселелері бойынша жауапты оқытушы

Сонымен қатар, толық мәліметтермен таныс болу үшін +7 (7172) 709 529 қосымша 33-416 немесе топ кураторларының байланыс телефонына хабарласыңыз.
Виртуалды онлайн қабылдану үшін kafedra_tttit@enu.kz электрондық поштасына өз өтінішіңізді жіберіңіз.
ZOOM конференциясына қосылу үшін сілтеме
https://us04web.zoom.us/j/5358232502?pwd=WkhnS00xTTF0VFZZbUtoVzhxdjA1UT09
Конференция идентификаторы: 535 823 2502
Кіру коды: 5fgiGS
Қазақ ақыны, ағартушысы, ойшыл данасы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған "Көлік, көлік тезникасы және технологиялары" кафедрасының Челленджі.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ғылыми Кеңесінің шешімі бойынша 2011 жылдың 28 қаңтарынан бастап көлік энергетика факультетінде "Көлік, көлік техникасы және технологиялары" кафедрасы құрылды.

2015 жылдан бастап «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» кафедрасынтехника ғылымдарының докторы, ҚР БҒМ "ЖОО-ның Үздік оқытушысы" атағының иегері (2012 ж),профессор Тогизбаева Баглан Болсыновна басқарып келеді.
2023-2024 оқу жылына кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамының жалпы саны 14 адамды құрайды :
01.01.2024 жылға ТТТиТ кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамына 1 қауымдастырылған профессор, 2 ғылым докторы және 7 ғылым кандидаты, 2 PhD кіреді
2023-2024 оқу жылына білім алушылардың жалпы саны 161 студентті құрайды.
Бакалавриат:
1 курс - 49 студент
2 курс-42 студент
3 курс-41 студент
4 курс-26 студент
Магистранттар:
1 курс-17 магистрант
2 курс-33 магистрант
1 курс (қысқы қабылдау) 11 магистрант
2 курс (қысқы қабылдау) 6 магистрант
Докторантура:
1 курс-4 докторант
2 курс-5 докторант
3 курс-3 докторант
Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 24 оқытушыдан тұрады: 3 техника ғылымдарының докторы, 10 техника ғылымдарының кандидаты және 11 көлік магистрі. 2022 жылға білім алушылардың жалпы саны 253 студентті құрайды.
Бакалавр:
1 курс: - 38 студент
2 курс: - 26 студент
3 курс: - 62 студент
4 курс: - 70 студент
Магистранттар:
1 курс- 18 магистрант
2 курс - 29 магистрант
Докторантура:
1 курс - 4 докторант
2 курс - 3 докторант
3 курс - 3 докторант
Кафедра қызметкерлерінің құрамында доцент Сарсембаев Баянды Казбекович Бруннельск университетінің түлегі (Ұлыбритания).
Кафедраның білім беру процесі үшсатылы оқыту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады:
- бакалавриат 5В071300 “Көлік, көлік техникасы және технологиялары”
- магистратура 6М071300 “ Көлік, көлік техникасы және технологиялары ”
- докторантура 6D071300 “ Көлік, көлік техникасы және технологиялары ”




