
«Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы туралы
2005 жылдан бастап Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы көлік жүйелері мен логистика саласында жоғары білікті мамандарды табысты дайындап келеді.


Бакалавриат деңгейінде студенттер саланың өзекті талаптарына сай келетін келесі бағыттарды таңдай алады:
- 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;
- 6В11302 – «Логистика (сала бойынша)».
Кафедра кәсіби дамуды жалғастырып, пәндерді тереңдетіп оқуға мүмкіндік беретін магистратура бағдарламаларын ұсынады:
- 7М11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру»;
- 7М11302 – «Логистика (сала бойынша)».
Білім беру бағдарламалары көлік саласындағы заманауи талаптарға бағытталған және тасымалдау, логистика мен көлікті пайдалану салаларында тиімді шешімдер қабылдай алатын мамандарды дайындауға арналған. Оқыту Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының бірінде жүргізіледі, бұл түлектерге мансаптық және кәсіби даму мүмкіндіктерін кеңінен ашады.
2011 ж. қаңтарда - «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және «Көлік, көлік техникасы және технологиялары» мамандығында оқитын студенттер санының көптігінен «Көлік жүйелері» кафедрасы екі дербес «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалды ұйымдастыру» және «Көлік, көліктік техника мен технологиялары» кафедраларына бөлінді. «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы 2011ж. 1 ақпанда ашылды (Ғылыми кеңес қаулысы, № 6 протокол Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «28» қаңтар 2011 жыл). «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» кафедрасы дербес буын ретінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының №1138-ж 02.09.2011 жылғы бұйрығы негізінде құрылды.
Кафедраны техника ғылымдарының кандидаты, доцент Сұлтанов Тимур Төлеуғалиұлы басқарады.
Кафедра миссиясы әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Кафедра Орталық Қазақстанның қажеттіліктеріне бағытталған көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулерді белсенді түрде дамытады.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде оқуын аяқтаған түлектерге келесі академиялық дәрежелер беріледі:
Қызмет көрсету саласындағы бакалавр 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 6В11302 – «Логистика (сала бойынша)».
Ғылым магистрі 7М11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру», 7М11302 – «Логистика (сала бойынша)».
Кафедра білім беру бағдарламаларының жоғары деңгейін растайтын аккредитация сертификаттарына ие. 2021 жылы 6В11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» және 7М11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандықтары Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) аккредитациясынан өтіп, мамандарды даярлаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапасын растады. Бұл аккредитация 2021 жылдың «27» мамырынан бастап жеті жыл мерзімге берілген.


2020 жылы 6В11302 – «Логистика (сала бойынша)», 7М11302 – «Логистика (сала бойынша)» мамандықтары Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (IAAR) аккредитациясынан өтіп, мамандарды даярлаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жоғары сапасын растады. Аккредитация 2020 жылдың «20» мамырынан бастап бес жыл мерзімге берілді.


Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында кафедрада әртүрлі бағыттар бойынша мамандандырылған төрт ғылыми-зерттеу институты (ҒЗИ) жұмыс істейді. Институттарды жетекші профессорлар мен оқытушылар: Нұраков С.Н. және Бекенов Т.Н., сондай-ақ доценттер Баубек А.А. мен Абзалиева Т.А. басқарады.
2018 жылы Educational Production Center «ENU Engineering» зертханалық корпусы ашылып, кафедраның оқу және ғылыми базасының маңызды бөлігіне айналды.
Бүгінгі таңда кафедра үш мамандандырылған аудиториямен жабдықталған:
- «Поезд диспетчері» зертханасы (ауд. 140-05)
- «Тасымалдау процестерін басқару» зертханасы (ауд. 140-06)
- «Көлікті пайдалану» зертханасы (ауд. 140-09)
Бұған қоса, кафедрада заманауи компьютерлік сынып (ауд. 140-09) жабдықталған. Ол Rail-Atlas және PTV Visum бағдарламалық пакеттерімен қамтамасыз етілген, бұл көлік процестерін модельдеуге және талдауға мүмкіндік береді.
2024 оқу жылында кафедрада 4 техника ғылымдарының докторы, 3 PhD докторы, 4 техника ғылымдарының кандидаты, 6 аға оқытушы, 1 оқытушы жұмыс жасайды.
2024-2025 оқу жылындағы студенттер контингенті 362 студентті құрады.
